Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан наурыздың соңында бензин экспортын бастауы мүмкін

Қазақстан наурыздың соңында бензин экспортын бастауы мүмкін

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан биылғы жылдың наурыздың соңында бензин экспортын  бастауы мүмкін, деп мәлім етті энергетика министрі Қанат Бозымбаев, - деп хабарлайды  Интерфакс-Қазақстан.

«Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының соңында бензин экспортын бастауды жоспарлап отырмыз, содан кейін бір жылға қойған көлемді өңдеуді бастаймыз», - деді Қ.Бозымбаев бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында. 

«Биылғы жылы бізде 500 тоннадан 650 тоннаға дейін бензин артылады. Бұл артылу қазірдің өзінде байқалып отыр. Осыған байланысты  қаңтар және ақпан айларында МӨЗ-дердегі өңдеу көлемін біршама төмендеттік», -  деді министр. 

Бұған дейін хабарланғандай, былтырғы жылы энергетика министрі елдегі үш МӨЗ -ді жаңғырту аяқталғаннан кейін нарықта тауарбастылық болмас үшін бензин экспортын бастау ойы бар екенін айтқан болатын.

Қазанда Қазақстан мен Ресей отын-энергетика кешенінде өзараәрекет ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Өзгерту қазақстан бензинін ТМД елдеріне жеткізуге тыйым салуды алып тастауға қатысты болды

Похожие материалы