Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шай мен кофе өндірісі қысқарды

Қазақстанда шай мен кофе өндірісі қысқарды

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы 10 айда шай және кофе өндірісі 14,3 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға төмен. Шай және кофе өндірісінің негізгі үлесі Алматыға (87,4%) - 12,5 мың тонна тиесілі, ал 2018 жылдың қаңтар-қазанында өндіріс жылына тек 0,1%-ға өсті. Мұнда «Tea House» ЖШС және Tealand филиалы «RG Brands Kazakhstan» ЖШС  сияқты шай және кофе өңдейтін ірі ұйымдар жұмыс істейді. Мұндай деректерді energyprom.kz  порталы келтіреді.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қарағанды облысында шай шығару көлемі бір жылда 75%-ға артты. Шай мен кофе өндірісі 2013 жылдан бері қысқарды.

Шай және кофе нарығы импортты алмастыруды қажет етеді: 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өз өндірісі сұраныстың 29,6%-ын ғана жапты.

Сонымен бірге, тұтыну төмендеді: ішкі нарықта сату жыл ішінде 6,4%-ға азайды. Ал, экспорт жылына 41,6%-ға артты.

Сұраныстың төмендеуі импортқа де әсер етті. Бір жыл ішінде 3,9%-ға азайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында қазақстандықтардың сүйікті сусынының импорты 21,3 мың тоннаны құрады.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанға шайдың негізгі жеткізушілері Кения, Үндістан және Ресей елдері болды.

Похожие материалы