ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан жасанды интеллект комитеті құрылды. Бұл туралы тиісті қаулыны үкімет қабылдады.
Қаулыға сәйкес, комитетке жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы құқықтық реттеуді әзірлеу және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру жүктеледі.
Дәл осы қаулымен Цифрлық даму министрлігіне қарасты Геодезия және картография комитеті таратылды.