Қазақстан. 24 мамыр. 7kun.kz – Наурыз-сәуір айларында Қазақстанда жалпы сомасы 671 000 АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз өткізудің 40 фактісі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған. Барлық жағдайлар Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелді.
Айта кетейік, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес:
- 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген ҰБ бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
- ҰБ шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024