6 қазанда өткен республикалық референдумда сайлау учаскелеріне келген азаматтардың 71,12 пайызы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын қолдады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
«Референдумға қойылған мәселені оң шешу үшін дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайызды құрады», - деді Әбдіров сейсенбі күні ОСК отырысында дауыс берудің қорытындысын жариялау кезінде.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2 миллион 45 мың 271 адам, яғни сайлаушылардың 26,15 пайызы АЭС құрылысына қарсы болған.
Өткен жексенбіде Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты республикалық референдум өтті. Азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салынуымен келісесіз бе?» деген бір сұраққа жауап беруі керек еді.
Қазақстан халқы 20 миллионнан асады, 12,2 миллионнан астам азамат сайлау құқығына ие.