Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресей Қазақстанға газ құбырын салып береді

Ресей Қазақстанға газ құбырын салып береді

Ресей Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін газ құбырын салады. Бұл туралы 18 ақпандағы Ресей Федерациясы Үкіметінің қабылдаған бұйрықта жазылған.

Бұйрық көршілес елдің құқықтық ақпарат порталында жарияланған. Оған сәйкес, Ресей тарапы Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру үшін магистральды газ құбырын салмақ.

Құжатқа көрсетілгендей, елімізге газ жеткізу үшін экспорттық газ құбырының жобалық қуаты жылына 10 миллиард текше метр газ болады. Ал компрессорлық станциялардың қуаты 50 МВт-қа тең. 

Ұқсас материалдар