
Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.
"Құжатқа сәйкес, Кемел Тоқаев Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ең жоғары награда - Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Алайда көрсеткен ерлігі мен батылдығына қарамастан, оған бұл жоғары награда берілмеді", - деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Бұл соңғы айларда Ресей архивтерінен табылған екінші наградалық қағаз. Бұған дейін Кемел Тоқаевтың Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталғаны туралы ақпарат жарияланды.
Кемел Тоқаев соғысқа 1942 жылы шақырылған. Кейінірек 226-шы атқыштар дивизиясында бөлімше командирі ретінде соғысқа қатысады. Жарақат алғаннан кейін, 7-ші гвардиялық танк полкінде қызмет етеді. Жазушының соғыс жылдары туралы «Солдат соғысқа кетті» атты автобиографиялық кітабы барынша нақтылығымен, шыншылдығымен ерекшеленеді.