Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресей визасыз туристер үшін жаңа ережені іске қосты

Ресей визасыз туристер үшін жаңа ережені іске қосты

2025 жылғы 30 маусымнан бастап Ресей визасыз шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шекарада тіркелудің жаңа тәртібін пилоттық режимде іске қосады. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Жаңа жүйе шеңберінде Қазақстан секілді визасыз режиммен кіретін елдердің азаматтарына сапар алдында ruID мобильді қосымшасы арқылы Электронды алдын ала тіркеуден өту ұсынылады. Ол үшін алдымен Бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесіне тіркеліп, сапар туралы өтініш беру қажет.

Елшілік түсіндіруінше, бұл рәсім тек эксперимент ретінде енгізіліп отыр және Ресей мен Қазақстан азаматтары арасындағы визасыз қатынас тәртібіне өзгеріс енгізбейді. Тіркеуден өту – ерікті. 

Өтінішті алдын ала беру шарттары:

  • Сапарға дейін 90 күннен ерте емес,

  • 72 сағаттан кешіктірмей тапсыру қажет.

  • Шұғыл жағдайларда (ауру, туыстың қайтыс болуы) өтінішті 4 сағат ішінде беруге болады, бірақ тиісті растайтын құжаттар талап етіледі.

Өтініште мыналар көрсетілуі керек:

  • Шығатын ел,

  • Сапардың мақсаты мен мерзімі,

  • Ресей ішінде баратын өңірлер,

  • Балалар туралы мәлімет (екі ата-ана да ақпарат енгізеді).

ruID арқылы биометриялық мәліметтерді де тапсыруға болады: бет бейнесін және паспортты суретке түсіріп, дауыс жазу қажет. Бұған дейін Ресейде биометрия тапсырғандар «Мемлекеттік қызметтер» арқылы өтініш бере алады.

Шекарадан өткен соң 10 күн ішінде Бірыңғай биометриялық жүйеде тіркеуді аяқтау керек. Ол үшін өзіңмен бірге паспорт алып, банк бөлімшесіне бару қажет.

Айта кету керек, мұндай өтініш болмаса да шекарадан кіруге тыйым салынбайды. Дегенмен өтінішті рәсімдеген азаматтар Ресей аумағында онлайн мемлекеттік қызметтерге, мобильді операторлар мен төлем жүйелерінің сервистеріне қол жеткізе алады.

Эксперимент виза арқылы келетіндерге және біріңғай электрондық виза иелеріне әсер етпейді.

Ұқсас материалдар