Ресейде шетелде шығарылған автокөліктердің бағасы қымбаттады. Ал, жақында БАҚ-да пайда болған Ресейдегі көліктердің арзандауы туралы ақпарат автодиллерлердің маркетингтік кампаниялары болып шықты. Қазіргі кезде 2014 жылы шығарылып, өтпей қалған көліктердің ғана бағалары арзандауда.
«Известия» Mercedes-Benz, Porsсhe, Lexus, Toyota, Volkswagen, Land Rover, Jaguar, Jeep, Chrysler, Honda, Acura, Infiniti бағасы жақын күндері айтарлықтай өскендігін жазады. Мәселен Mercedes-Benz 1 наурыздан бастап сатылымдағы барлық үлгінің бағасы 2-9%-ға артқан. Бұл Мерседес бағасының жыл басынан бері үшінші рет қымбаттауы. 1 қаңтарда 5-20%, 1 ақпаннан бастап 0-7%-ға өскен еді. Басылымның болжамынша баға әлі де өседі.
Алайда, бағаның қаншалықты шарықтары белгісіз. Өйткені экономикалық қиындықтар салдарынан автокөліктерді сату көрсеткіші төмендеген. Қазақстанмен шектесетін облыстардың автосалондары "тек қазақстандықтардың есебінен сатылымды көбейтіп отырмыз, егер көрші елден сатып алу тоқтаса, салондар банкрот болады" деп дабыл қағуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024