Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресейде тіркелмеген блогерлер жазалануы мүмкін

Ресейде тіркелмеген блогерлер жазалануы мүмкін

10 мыңнан астам жазылушысы бар, бірақ Роскомнадзорда тіркелмеген блогерлерге жаза қолдану туралы заң жобасы күзде Мемлекеттік Думаға енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік Думасының ақпараттық саясат жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Антон Горелкин өзінің Telegram-арнасында хабарлады. 

Ресейде 2024 жылғы 1 қарашадан бастап аудиториясы 10 мыңнан асатын әлеуметтік желі парақшаларының иелері Роскомнадзорға өздері туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттелген. Алайда тіркеуден өтпеген блогерлерге қатысты жауапкершілік қарастырылмаған еді. Заң қабылданғалы бері Роскомнадзорға 214 мыңнан астам өтініш түскен, олардың ішінде 134 мыңнан астамы тіркелген. 77 мыңнан астам өтініш қате мәліметтер немесе өтініш нөмірінің орналастырылмауы себепті қабылданбаған. 

Жаңа заң жобасында аудиториясы 10 мыңнан аз жазылушысы бар блогерлердің да тіркеуге өтініш беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылуда. 

Қазіргі уақытта ВКонтакте, Одноклассники және Rutube сияқты платформалар тіркелген каналдарды арнайы белгілеуді енгізді. Алайда, Ресейде ең танымал әлеуметтік желілердің бірі болып табылатын Telegram әлі мұндай белгілеуді енгізбеген.

Ұқсас материалдар