Ресей аумағында WhatsApp пен YouTube сервистері мүлде қолжетімсіз болды. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы хабарлады.
Telegram мессенджерінің орнын басатын web.whatsapp және WhatsApp домендері Ресейдің Ұлттық домендік атаулар жүйесінен жойылды. 10 ақпанда YouTube домені де тізімнен алынып тасталды. Нәтижесінде пайдаланушылар бұл сервистерге тек VPN арқылы ғана кіре алады, өйткені жүйе аталған платформалардың IP-мекенжайларын ала алмай отыр.
Ұлттық домендік атаулар жүйесі ел ішіндегі интернеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылған. Сарапшылар бұған дейін Ресей байланыс реттеушісі «Роскомнадзор» тарапынан енгізілген шектеулердің ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті және техникалық ресурстардың шектеулілігімен байланыстырады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Роскомнадзор» Telegram мессенджерінің Ресей заңнамасын орындамай отырғанын мәлімдеп, WhatsApp қызметін толық бұғаттауы мүмкін екенін ескерткен еді. Тамызда елде Telegram мен WhatsApp арқылы қоңырау шалуға шектеу енгізілген болатын.





