
Президент Әкімшілігінің келісімімен Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Осылайша, Respublica партиясы өкілі атқарушы органдардағы басқарушы лауазымға тағайындалған екінші саяси партия болды.
Руслан Берденов Respublica партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде ШОБ үшін салық жүктемесін төмендетуді, көлеңкелі экономика деңгейін азайтуды, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті, отандық тауар өндірушілерді қолдауды, импортты алмастыру мәселелерін және ішкі нарықты қорғау деңгейін белсенді жақтады. Мәжілісмен бастамасымен шешілген мәселелердің қатарына букмекерлік компаниялардың жұмысындағы шектеулер туралы Заң, бірқатар өңірлерде бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету және өзге де мәселелер бар.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров ротация жаңа идеялар мен тәсілдерді тартуға мүмкіндік беретін саяси құрылымды жаңарту мен дамытудың маңызды элементі екендігін атап өтті. "Руслан Арысбекұлы өзінің ұстанымы мен көзқарасына адал бола білді. Ол енді мемлекеттік қызметке ауысты. Оның парламенттік тәжірибесі Шымкенттің дамуына айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", – деп атап өтті партия төрағасы.
Айта кету керек, Respublica партиясының депутаттары Парламенттен кетіп, бизнес пен биліктің негізгі позицияларына ауысады. Бұл шешім олардың идеялары мен бастамаларын іске асыру үшін жаңа жолдар ашады, бұл өз кезегінде партияның ұстанымын нығайтады және елде болып жатқан процестерге тиімдірек әсер етуге мүмкіндік береді.
Respublica партиясы жастар мен кәсіпкерлердің мүдделеріне назар аудара отырып, өз жұмысын жалғастыруда және Қазақстанның дамуына бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларды енгізуге ұмтылатын болады.