Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үш донор өңір бюджетке 470 млрд теңге аударған

Үш донор өңір бюджетке 470 млрд теңге аударған

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева республикадан өңірлерге берілетін субвенциялар көлемі артқанын айтты.

«Елімізде Атырау облысы, Астана және Алматы қалалары донор деп танылған. Қалған он жеті өңір субвенциялық,  олар өз шығыстарын өтеу үшін республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттердің едәуір көлемін алады. Аталған үш донор өңірден  республикалық бюджетке 2024 жылы 470 млрд теңге түсті, ал республикалық бюджеттен  аймақтарға субвенциялар түрінде  5,3 трлн-нан астам теңге бөлінді. Айырмашылықты өздеріңіз көріп отырсыздар. Іс жүзінде барлық өңір республикалық бюджет есебінде деуге болады. Осы жерде айту керек,  жергілікті бюджеттердің кірістері соңғы 6 жылда 3 есеге өскеніне қарамастан, республикадан өңірлерге берілетін субвенциялар көлемі де артып отыр», – деді Мәжіліс спикерінің орынбасары.

Дания Еспаева келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы субвенциялар көлемі 978 млрд теңге болса, 2024 жылы 5,3 трлн теңгеге жеткен. 10 жыл ішінде 5 еседен асқан.

«Бұдан басқа, республикалық бюджеттен әлеуметтік нысандар салу сияқты өңірлердің инфрақұрылымын құруға жұмсалатын нысаналы даму трансферттері де бар. Дегенмен, өңірлерді инфрақұрылым және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі әртүрлі, яғни теңестіру болмай отыр», – деді ол. 

Ұқсас материалдар