Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұшақ апатынан қаза тапқан әр адамның отбасына өтемақы төленеді

Ұшақ апатынан қаза тапқан әр адамның отбасына өтемақы төленеді

   Бұл туралы Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания таратқан ақпаратта әрбір жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам, аләр қаза тапқан адамның отбасы шамамен 12 миллион теңге алатыны айтылған. 

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Бақылау кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 25.12.2024 жылы апатқа ұшыраған Баку-Грозный J2-8243 рейсін орындаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында болып, зардап шеккендердің әрқайсысына 20 мың манат, ал қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 40 мың манат мөлшерінде өтемақы төлейді. Сонымен қатар, барлық жолаушылар Әзербайжан Республикасының заңнамасына және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады», – делінген ресми мәлімдемеде.

Ұқсас материалдар