
Мемлекеттік кірістер комитеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп Бірыңғай байланыс-орталығында салық берешегінің бар-жоқтығын автоматты тексерудің тез бейімделетін сервисін іске қосты.
Ол үшін жеке тұлғаға 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық роботқа қарыз туралы сұрақ қоюы жеткілікті.
Абонентті сәйкестендіру телефон нөмірі және абоненттің ЖСН нөмірі арқылы автоматтандырылған тәртіппен мобильді азаматтары базасында тіркелген нөміріне жіберілетін SMS -коды бойынша қамтамасыз етіледі.
Қарыз болған жағдайда дауыстық роботтың жауабымен қатар салық төлеушіге қарыз сомасы көрсетіле отырып смс жіберіледі.