Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Самокат мінгендерге ереже қатая ма? – ІІМ пікірі

Самокат мінгендерге ереже қатая ма? – ІІМ пікірі

Қазақстанда электросамокат жүргізушілеріне қатысты қосымша шектеулер әзірленеді.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі заңнамада реттеудің олқылықтары бар, сондықтан депутаттық түзетулер дайындалып жатыр. Мақсат – жүргізушілерге, полицейлерге және барлық тарапқа түсінікті ереже қалыптастыру. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу енгізілмейді.

Лепеха самокатшылардың жоғары жылдамдықпен қозғалуы – тәртіп бұзушылық екенін атап өтті. Бұған дейін каршеринг компаниялары саябақтар мен тротуарларда жылдамдықты шектейтінін мәлімдеген, алайда бұл талаптар орындалмаған.

Егер компаниялар ерікті түрде талаптарды орындамаса, заңмен шектеу енгізу қарастырылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында электросамокат мәселесін көтеріп, оны реттеу қажеттігін атап өткен еді.

Ұқсас материалдар