Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2025 жылдың үздік қайырымдылық қоры атанды

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2025 жылдың үздік қайырымдылық қоры атанды

Қор «Қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа» ие болып, қайырымдылық саласындағы үздік ұйым ретінде марапатталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен тағайындалған марапатты Республикалық қайырымдылық форумында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева қабылдады. 

«Бұл тек құрмет белгісі емес, бұл қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің, сенімнің және іске асқан нақты істердің айғағы», - деп атап өтті корпоративтік қор басшысы.

Қор еліміз бойынша инклюзия, денсаулық сақтау, білім, спорт пен мәдениет бағытындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. 2025 жылдың 9 айында қор 39 қайырымдылық жобаны жүзеге асыруда. Жобалар аясында 188 мыңнан астам адамға көмек көрсетіліп, 184 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Ұқсас материалдар