Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Самұрық-Қазына» AIX алаңында 1 млрд доллар тартуды жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» AIX алаңында 1 млрд доллар тартуды жоспарлап отыр

Самұрық-Қазына Астана халықаралық қаржы орталығының Astana International Exchange биржасында 1 миллиард доллар көлемінде облигациялар орналастыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы биржаның ресми сайтында жарияланды.

Мәліметке сәйкес, жарты жылдық облигациялар бойынша купондық мөлшерлеме жылдық 3,9 пайызды құрайды. Бір бағалы қағаздың номиналды құны 1000 АҚШ доллары болып белгіленген. Сауда-саттық 5 мамырда басталады.

«Самұрық-Қазына» – Қазақстан экономикасындағы ірі ойыншылардың бірі. Қор елдегі стратегиялық маңызы бар корпоративтік активтерді басқарады және олардың жиынтық үлесі ішкі жалпы өнімнің шамамен 40 пайызына тең. Қордың жалғыз акционері – Қазақстан Үкіметі.

Бұған дейін Қор Қазақтелеком компаниясының жай акцияларының қосымша 10,43 пайызын сатып алғаны хабарланған еді. Нәтижесінде ұлттық әл-ауқат қорының үлесі 80,85 пайыздан 91,28 пайызға дейін артты.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа облигацияларды орналастыру «Самұрық-Қазынаға» қаржы нарығынан қосымша қаражат тартуға және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар