Журналистің мәліметінше, 7 қыркүйектен бастап Күлдеев қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Оның әрекеті алдын ала пара беру ретінде сараланған. Істі ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеп жатыр. Ведомство істің мән-жайы туралы әзірге ресми ақпарат жариялаған жоқ.
Ержан Күлдеев Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Университет сайтында ол басқарма мүшесі, ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор ретінде көрсетілген. Күлдеев — техника ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
2026 жылғы сәуірде ол «Құрмет» орденімен марапатталған. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлаған.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





