Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихат, Ұлттық құндылықтар академиясының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықты жаңғырту: ғылым және өңірлік тәжірибе» атты форум өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Форумды Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Алмасбек Нұғман ашып, Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі Кеген ауданының тәжірибесі туралы баяндады. Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйледі.
Жиынға «Ұлттық құндылықтар академиясы» ҚБ басқарма төрағасы, х.ғ.к., профессор Әділхан Дүйсебек, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын Жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Құсайынов, Қазақстан ғылымы мен білімінің еңбек сіңірген қайраткері Берікжан Әлмұхамбетов қатысып, баяндама жасады.
Форум барысында Кеген ауданы маслихаты мен Ұлттық құндылықтар академиясы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «Intellecnual» дамыту академиясының президенті, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бижан Құрманғалиқызының «Рақмет, саған, балақай!», «Тілашар» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Бірқатар азаматтарға Ұлттық құндылықтар академиясының куәлігі табысталды. Форумнан кейін қатысушылар әйгілі Көлсай көлдерінің тамаша табиғатымен танысты.
Айта кетейік, Саты ауылы еліміздегі ең танымал ішкі туризм орталығының бірі. Республикалық деңгейдегі форум ауылда бірінші рет өтіп отыр.