
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, елдегі жаңғыртудан өтпеген базарлар 2026 жылға дейін талапқа сай келмесе, олардың жұмысы тоқтайды.
Министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қазіргі таңда базарларды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатқанын айтты. Бұл шара көлеңкелі экономиканың алдын алу үшін қолға алынған.
– Жол картасы дайын. Егер жоспарға енген базарлар жаңартылмаса, олар жабылады, – деді Шаққалиев.