SCAT әуе компаниясы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе рейсін ашады

2025 жылдың 1 қазан күні Алматы қаласында Қазақстан мен Латвия арасындағы іскерлік форум өтті. Іс-шараға екі елдің іскерлік орта өкілдерінен 50-ге жуық адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің хабарлауынша, форум барысында тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Қазақстан Латвияны сенімді серіктес ретінде қарастырып, ал Латвия өз кезегінде Қазақстанды Азия мен Еуропа арасындағы стратегиялық көпір ретінде көретіні айтылды.
Сондай-ақ форумда Қазақстаннан Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепая порттары арқылы өтетін транзиттік жүк экспортының Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық тізбектегі маңызды рөлі атап өтілді.
Атап айтқанда, әуе қатынасын кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines компаниясы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр.
Бұл бастама, Көлік министрлігінің пікірінше:
-
жолаушылар тасымалын жеңілдетеді,
-
іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады,
-
бірлескен жобалардың жүзеге асуын жеделдетеді,
-
туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Тікелей рейс қай қалалар арасында ашылатыны әзірге нақты айтылған жоқ, дегенмен, Алматы немесе Астана мен Рига арасында болуы мүмкін.