Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сенат халықаралық банкке қатысты тағы бір құжатты мақұлдады

 Сенат халықаралық банкке қатысты тағы бір құжатты мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне қатысты тағы бір құжатты мақұлданды.

Түзетулерді қабылдау Банктің еліміздің экономикалық маңызы бар жобалары үшін қаржыландыру мәселелерін жедел шешуіне ықпал етпек.

Құжаттың атауы – «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы» заң.

Заңның мақсаты – Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің кредиттік қызметін тиімді жоспарлау. 

Міндеті – Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесінен Директорлар кеңесіне Банк капиталының жеткіліктілігі нормативтерінің тиісті деңгейін белгілеу жөніндегі өкілеттіктерді беру.

«Жай операцияларға жарғылық шектеулерді алып тастау және Директорлар кеңесіне капиталдың жеткіліктілігі нормативтерінің тиісті деңгейлерін белгілеу мүмкіндігін беру Банктің жедел шешім қабылдауына және өзінің кредиттік қызметін жоспарлауына мүмкіндік береді. Директорлар кеңесі деңгейінде капиталдың жеткіліктілігі нормативтерін реттеу Банк капиталын пайдаланудың тиімділігі мен икемділігін арттырады. Қаралып отырған түзетулерді қабылдау Банктің Қазақстанның экономикалық маңызы бар жобалары үшін қаржыландыру мәселелерін жедел шешуіне мүмкіндік береді», – делінген заңның қорытынды құжатында.

Ұқсас материалдар