Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Жоғарғы сотының үш судьясын қызметінен босату туралы ұсыныс мақұлданды.
Депутаттар тиісті шешімді дауыс беру арқылы қолдады. Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, шешім Президенттің ұсынысы негізінде қабылданды.
Оған сәйкес Асқаржан Кенжеғарин мен Ғазиза Мұсабекова өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды. Ал Бейбіт Шермұхаметов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты судьялық қызметін тоқтатты.





