
Бұл жаңалықты Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Бұл жоба Алматы қаласында пилоттық режимде жүзеге асып жатыр. Достық даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін Қ.Сәтбаев көшесінің оңтүстік және солтүстік жағын бақылайтын камералар тұраққа қою ережелерін бұзған көліктерді, сондай-ақ екінші қатармен қойылған көліктерді анықтамақ.
Осылайша, «Сергек» бейнебақылау камераларының екінші тынысы ашылып, жаңа функциясы іске қосылып отыр.
– ҚР Жол қозғалысының ережелерінің 87, 88 пункттерінде көлiк құралының басқа көлiк құралдарының жүрiсiне мүмкiндiк бермейтiн (кіру немесе шығу) немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына кедергiлер туғызатын (кептелiс) орындарда тоқтауға тыйым салынады. Бұл қағидаларды бұзғандарға 10 АЕК (39 мың 320 теңге) айыппұл салынады, – деп хабарлады Полиция департаменті.