Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметін анықтады.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды. «Қаскүнемдер SIP-нөмірлерін сатып алып пайдаланған, олар арқылы ақша ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңырау жасаған.
Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.





