
«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Женіс Елемесов мәлім етті.
«Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректерді жариялай алмаймын», – деді Елемесов Сенат кулуарында.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура «СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу бастаған еді.