Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан шықты

Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан шықты

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шықты.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мұның себебін түсіндірді.

«Сәкен Азия чемпионатының алдында арқасынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды», – деді бас бапкер.

Бокстан ұлттық құрама Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр. Кейін боксшыларымыз Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогіне қатысады. Келген соң Ресейде оқу-жаттығу жиынан өтіп, бапкерлер құрамы бірінші және екінші номерлі боксшыларды анықтайды.

Еске салайық, Сәкен былтырғы Париж Олимпиадасында да, Таиландта өткен Азия чемпионатында да ширек финалда жеңілді.

Ұқсас материалдар