Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әскери білім беру жүйесіне реформа қажет – сенатор

Әскери білім беру жүйесіне реформа қажет – сенатор

Сенатор Дархан Қыдырәлі заманауи технологиялар бойынша маман даярлау үшін қысқа мерзімді әскери курстар ашуды ұсынды.

Сенатордың сөзінше, Қазақстандағы әскери білім беру жүйесіне ауқымды реформалар қажет. Оқу орындарын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру туралы Президенттің тапсырмасына қарамастан, материалдық-техникалық база әлі де ескірген қалпында қалып отыр, ал практикалық дайындық деңгейі төмен, – дейді ол.

Сенатор Дархан Қыдырәлі депутаттық сауалында осы мәселені көтерді.

Депутат келтірген деректерге сәйкес, Қазақстанда 51 жоғары оқу орны алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқытушылар даярлау лицензиясына ие. Алайда олардың тек 41-інде ғана әскери кафедра бар. Ол кафедраларда оқитын студенттердің жартысына жуығы ақылы негізде білім алады, бұл олардың дайындығының тиімділігіне күмән тудырады. Сонымен қатар, бірыңғай әдістемелік база жоқ, заманауи оқулықтар жетіспейді, ал оқу бағдарламаларында әлі күнге дейін көнерген кезеңдегі тактика пайдаланылады.

«Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. «Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері кең тарауда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін» деген Қазақстан Президенті жоғары технологияны меңгерген кәсіби әскер даярлауды тапсырған болатын. Сондықтан әскери ЖОО мен қорғаныс саласына ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен заманауи технологияны жетік меңгерген ұлттық рухтағы кәсіби мамандарды көптеп тарту маңызды деп ойлаймыз», – деді сенатор.

Ұқсас материалдар