Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Соңғы үш айда 37,7 мың қазақстандық бакнрот деп танылды

Соңғы үш айда 37,7 мың қазақстандық бакнрот деп танылды

Орталық коммуникациялар қызметінде жеке тұлғаларды банкрот деп тану қызметіне жүгінгендердің статистикасы мәлім болды.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің айтуынша, соттан тыс банкроттық рәсімдеу қызметіне сұраныс жоғары.

– 2023 жылы банкроттыққа тапсырған азаматтардың өтініштер саны 77 380 болса, 2024 жылы – 83 057, ал 2025 жылдың 3 айында 37 746 болды. Азаматтар арасында соттан тыс банкроттық рәсімі ең көп сұранысқа ие болып қала бермек. Өйткені бұл тәсіл борышкерді банктер мен микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемеден босатады. Аталған рәсім шеңберінде 2023 жылы 8 255, 2024 жылы 11 533, 2025 жылдың 3 айында 2 366 азамат банкрот деп танылды, – деді Сейілжан Ахметов.

Түрлі себептермен банкроттық рәсімнен орта жолда бас тартатындардың саны азайған. 2023 жылы бас тарту саны 62 738 болса, 2024 жылы – 59 792-ға түскен.

– Сот арқылы банкрот деп танылғандардың саны да өсті. Мәселен, 2023 жылы тек 1 азамат банкрот деп танылса, 2024 жылы – 135, 2025 жылдың басынан 23 адам сот шешімімен банкрот деп танылды, – деді комитет басшысының орынбасары.

Ұқсас материалдар