Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сот Boeing компаниясын әуе апаты үшін өтемақы төлеуге міндеттеді

Сот Boeing компаниясын әуе апаты үшін өтемақы төлеуге міндеттеді

Чикагоның федералды соты Boeing компаниясына 2019 жылы Эфиопияда болған 737 MAX ұшағы апатынан қаза тапқан БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау қызметкерінің отбасына 28 млн доллар төлеуді міндеттеді.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Сот шешімі Шикхи Гаргтың отбасына қатысты қабылданған алғашқы дәлелденген істердің бірі болып отыр. Аталған апат және 2018 жылы Индонезияда болған Lion Air 610 ұшағы апаты нәтижесінде жалпы саны 346 адам қаза тапқан.

Тараптардың келісімі бойынша, Шикхи Гарг отбасы сот шешіміне сәйкес берілген 35,85 млн долларды толық алады және оған қосымша осы соманың 26 пайызы беріледі. Boeing компаниясы бұл шешімге аппеляция бермейтінін мәлімдеді.

Boeing өкілі өз мәлімдемесінде екі апаттан қаза тапқан жолаушылардың жақындарына көңіл айтқан.

– Біз осы сияқты басқа да бірқатар шағымдарды реттедік, соған қарамастан отбасы мүшелерінің сот арқылы әділдікке қол жеткізуге құқықтары бар және біз олардың құқықтарына құрметпен қараймыз, – деді ол.

Шағымда Boeing 737 MAX ұшағының автоматты басқару жүйесінде ақаулар болғаны және бұл туралы жолаушыларға хабарланбағаны айтылған. Ethiopian Airlines ұшағының апаты Lion Air 610 ұшағының апатынан бес ай өткен соң болған. Екі жағдайда да апатқа ұшақтың автоматты басқару жүйесіндегі ақау себеп болған.

Адвокаттардың мәлімдеуінше, 5 қарашада Boeing Ethiopian Airlines ұшағының құрбандарына қатысты тағы үш шағым бойынша мәселені шешкен. Сол уақытта компания 737 сериясындағы авиалайнерлерді 2020 жылдың қаңтарынан бастап шығаруды тоқтататынын жариялаған.

Ұқсас материалдар