Субсидияға бөлінген 142 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылса, тағы 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты.
«Жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді», – деді Әлихан Смайылов Мәжілістегі жалпы отырыста.