Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері өсуі мүмкін

Сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері өсуі мүмкін

Қазақстанда 1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге енгізілген мораторий аяқталады.

Бұл мораторий өткен жылдың қазан айында Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары аясында енгізілген болатын. 

Осыған байланысты Tengrinews.kz табиғи монополияларды реттеу комитетіне (ТМРК) жарық, жылу және су тарифтерінің өсуі күтіле ме деген сауал жолдады.

ТМРК хабарлауынша, тарифтерді қайта қарау қажеттілікке қарай және әрбір табиғи монополия субъектісі бойынша жеке жүргізіледі. Бағаны көтерудің негізі кәсіпорындардың экономикалық тұрғыдан негізделген және құжатпен расталған өтінімдері болады.

Ведомство тарифтердің динамикасына бірқатар фактор әсер ететінін нақтылады: қызметтің өзіндік құны, инфрақұрылымның техникалық жағдайы, тұтыну көлемі, желілердің тозу деңгейі, жөндеу және жаңғырту шығындары, отын, газ және электр энергиясының бағасы, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдай.

Сонымен бірге ТМРК ықтимал тариф өсімі Үкімет бекіткен инфляциялық дәлізбен шектелетінін атап өтті. Ұлттық банктің дерегінше, биылғы жылы ол 9–12 пайызды құрайды.

Әрбір жағдай бойынша түпкілікті шешімді уәкілетті орган ұсынылған есептерді талдағаннан кейін қабылдайды. Тарифке тек расталған шығындар енгізіледі.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 1 сәуірден кейін тарифтерді көтеру механизмі бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Ұқсас материалдар