Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ШЫҰ саммиті: ұйымның 2035 жылға дейінгі даму бағыты айқындалады

ШЫҰ саммиті: ұйымның 2035 жылға дейінгі даму бағыты айқындалады

Бұл туралы Бейжіңде өткен брифингте ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь мәлімдеді.

Қытайдың Тяньцзинь қаласында 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 25-ші отырысы аясында ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясына қол қойылады.

Оның айтуынша, саммит қорытындысы бойынша бірқатар қосымша құжаттарға да қол қойылады. Сонымен қатар, «ШЫҰ+» форматындағы кеңейтілген отырыс өтеді деп жоспарланып отыр.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин саммит қатысушыларына арнап ресми банкет ұйымдастырып, бірнеше екіжақты кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада өткен саммиттен кейін Қытай ШЫҰ-ға 2024-2025 жылдары төрағалық ету міндетін ресми түрде қабылдаған болатын.

ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оның құрамына 10 мүше мемлекет, 2 бақылаушы ел және ШЫҰ диалогы бойынша 14 серіктес мемлекет кіреді.

Ұқсас материалдар