Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шымкент әуежайын қайта жаңғыртуға 41 млрд теңге бөлінеді

Шымкент әуежайын қайта жаңғыртуға 41 млрд теңге бөлінеді

Алдағы үш жылда Шымкент халықаралық әуежайында ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның жалпы құны 40,6 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпаратқа сүйене отырып, қалалық әкімдіктің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Жоспар бойынша, ұшу-қону жолағы жаңартылып, жаңа екінші ұшу-қону жолағы) мен рулеждік жолақтар салынады. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін едәуір арттырып, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

– «Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі. Мұндағы әуе қатынасының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру – бүкіл өңір үшін стратегиялық маңызға ие», делінген жоба сипаттамасында.

Құрылыс жұмыстарына мердігер компанияны анықтау үшін байқауға өтінімдер қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мамандардың айтуынша, жоба толық іске асқан соң Шымкент әуежайы жолаушылар ағынын бірнеше есе ұлғайтып, жаңа халықаралық және ішкі бағыттарды ашуға дайын болады.

Ұқсас материалдар