Түркия Украинадағы шиеленістің өршуіне қарамастан, Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды, деп хабарлайды Trend агенттігіне сілтеме жасай отырып ҚазТАГ.
Түркия СІМ министрі Мевлют Чавушоглу: «Біз РФ қарсы ЕО санкцияларына қосылуға міндетті емеспіз», - деді. Министрдің айтуынша, Ресей Түркияның маңызды сауда серіктесі болып табылады. «Сондықтан біз антиресейлік санкцияларға қатыспаймыз. Егер қажет болса, біз өзіміздің шараларымызды қабылдаймыз», - деп атап өтті М.Чавушоглу. Оның айтуынша, Еуроодақ та Ресейге қатысты өздерінің снакцияларын онша белсенді салып отырған жоқ, Ресеймен іскерлік қарым-қатынастар жалғасуда. «Германия мен басқа да еуропалық елдер ресейлік газдан бас тарта ала ма? Өмірге шынайы көзқараспен қарайық, әр мемлекет өздерінің жеке мүдделерін ескерулері тиісті», - деді ол.Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





