
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Осылайша, осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Тайланд Корольдігінен жаңа шетелдік лоукостер «Thai Air Asia X» шығады. Әуе компания Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды.
Қазақстан мен Тайланд арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.