Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тайвань Huawei мен SMIC компанияларын санкциялық тізімге қосты

Тайвань Huawei мен SMIC компанияларын санкциялық тізімге қосты

Тайваньның Халықаралық сауда басқармасы 15 маусымда Қытайдың екі ірі чип өндірушісі – Huawei мен SMIC компанияларын санкциялық тізімге енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Бұл шешім аталмыш компанияларға тауарлар мен озық технологияларды сатуға айтарлықтай шектеу қояды. Жалпы алғанда, санкциялық тізімге тағы 601 ұйым қосылды. Олардың арасында Қытай, Иран, Пәкістан, Мьянма және Ресей компаниялары бар. Алайда, Тайвань билігі ресейлік қай компаниялар санкцияға іліккенін нақтылаған жоқ.

Тайвань билігінің мәлімдеуінше, бұл компаниялар қару-жарақ таратумен және аралдың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметтермен айналысады. Қазіргі таңда Тайваньның санкциялық тізімінде 10,8 мыңнан астам заңды және жеке тұлға бар.

Ұқсас материалдар