Михаил Шайдоров 2026 жылғы Милан қысқы Олимпиада ойындары барысында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында осы спорт түрінен алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.
Қолданыстағы ережеге сай, спортшы мемлекеттен 250 мың доллар (шамамен 123,7 млн теңге) көлемінде сыйақы алады. Ал күміс жүлдеге – 150 мың, қола медальға – 75 мың доллар қарастырылған. Сондай-ақ 4 және 5-орын иелеріне де қаржылай төлем беріледі.
Бұған дейін әлемдік жұлдыз Димаш Құдайберген чемпионға автокөлік сыйлағаны хабарланған еді, ал отандық компаниялардың бірі үш бөлмелі пәтер табыстамақ.





