Қаржы министрлігі шетелдік азаматтарға тауарды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкеткен кезде қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару тетігін көздейтін «Tax Free» пилоттық жобасын 2026 жылға дейін ұзарту туралы бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.
Құжатта пилоттық жобаның қолданыстағы қағидалары мен мерзімдері нақтыланып, бірнеше жаңалық ұсынылады. Атап айтқанда:
-
пилоттық жобаның мерзімін 2026 жылға дейін ұзарту;
-
қазіргі операторға қосымша балама ретінде қазақстандық компанияны қосу;
-
жоба іске асырылатын нүктелердің географиясын кеңейту;
-
бір чек бойынша ең төменгі сатып алу сомасын 10 АЕК-ке дейін төмендету;
-
туризмді дамыту және ҚҚС қайтару арқылы шетелдік туристерді көбірек тарту;
-
жобаның цифрлық тетіктерін сынақтан өткізу.
Министрлік бұл өзгерістер «Tax Free» жүйесінің қолжетімділігін арттырып, Қазақстанның туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді деп отыр.





