Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Теңіз кен орнында тәулігіне 120 мың тоннаға дейін мұнай өндіріліп жатқанын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, кен орнында өткен өрттің шығу себептерін анықтау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтаған. Нәтижелері жақын арада жарияланбақ.
«Теңіз жұмысы толық қалпына келді», – деді Ерлан Ақкенженов.





