Жаңалықтар
Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары қаңтардың ортасына дейін аяқталуы мүмкін
Айта кетейік, 2024 жылдың 26 қазанында Теңіздегі екінші буын зауытында «400 блоктың Е-401А қалдық жылу қазандығына» жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс ішінара тоқтатылды. Жабдықты тексеру нәтижесінде жергілікті коррозиялық зақымданулар анықталды. Бастапқыда жөндеу жұмыстары 23 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланған болатын. Кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау керектігін айтқан. Енді қаңтардың ортасына дейін аяқталатыны туралы ақпарат шықты.
Теңіз – Қазақстанның ең ірі кен орындарының бірі, еліміздің батысындағы Атырау облысында орналасқан, мұнай қоры 3,1 млрд тоннаны құрайды. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында кен орнында 14,4 млн тонна мұнай (114,6 млн баррель) өндірілді, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,4%-ға аз.
Кен орны операторы «Теңізшевройл» ЖШС-ның қатысушылары: «Шеврон» (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» арқылы Қазақстан (20%), ЛУКОЙЛ (5%).