Жаңалықтар
Өткен жылы Halyk Bank бөлімшесін тонап кеткен қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ
"Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы "Аса ірі көлемде жасалған ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жасалған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлаған еді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Алайда ұрылар әлі күнге дейін табылмаған. Істі Павлодар облысы бойынша департаменті қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр.
Бөлімшені тонаудан келген шығын миллиард теңгеден асады. Оның ішінде алтын бұйымдары мен ақша да бар.
Бұл оқиға бойынша БАҚ-на түсінік берген Halyk Bank баспасөз қызметі банк тергеумен белсенді түрде көмектесіп жатқанын және өз клиенттерімен тікелей байланыста екенін хабарлаған.
Фото: pavon.kz