
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2025 жылғы 21 мамырдағы №30 бұйрығына сәйкес, «Төлеби» Кредиттік серіктестігі» ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы 3 ай мерзімге тоқтатылды.
Бұл шешімге пруденциалдық нормативтерді сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микрокаржылық ұйымға жаңа микрокредит беру шарттарын жасасуға тыйым салуды білдіреді. Сонымен қатар, қолданыстағы микрокредит шарттарының қолданылу мерзімін ұзартуға және микрокаржылық ұйымның, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін арттыратын өзгерістер енгізуге де тыйым салынады.
Микроқаржы ұйымы бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті.
Маңызды: Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Кредиттік серіктестік клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Кредиттік серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.