Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Тоқаев Қытайдың ШЫҰ төрағалық еткенін жоғары бағалады

​Тоқаев Қытайдың ШЫҰ төрағалық еткенін жоғары бағалады

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.

Ұқсас материалдар