Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы аясында ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды дамытуды ұсынды.
Мемлекет басшысы ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаларды өзара тану бағытындағы жұмысты күшейту қажет екенін айтты.
Президенттің пікірінше, ғарыш саласы түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі бола алады.
«Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, әсіресе:
– спутниктік байланыс;
– навигация;
– ғарыштық мониторинг салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды.
Мемлекет басшысы мұндай ынтымақтастық технологиялық дербестікті күшейтіп, инновациялық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ Президент CubeSat-12U ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығына тоқталды.





