Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп Байден қол қойған 80 құжаттың күшін жойды

Трамп Байден қол қойған 80 құжаттың күшін жойды

Кеше ғана АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кіріскен Дональд Трамп бұған дейінгі ел басшысы болған Джо Байден қабылдаған 80 шешімнің күшін жоятын жарлыққа қол қойды.

АҚШ президенті стадионда жақтастарының алдында 9 құжатты бекітті. Жаңа шешім бойынша АҚШ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты. 

Сонымен қатар Байден әкімшілігі шығарған жарлықтардың күшін жою, онлайн жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметкерлерді офлайн форматқа ауыстыру, климат бойынша Париж келісімінен шығу, цензураны жою және алдыңғы президент әкімшілігінің саяси қарсыластарына қарсы сот жүйесін пайдалануға тыйым салу туралы құжаттар бар. 

Бұдан бөлек, АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолий ісі бойынша Трамптың жақтастары Джо Байденнің президенттік жеңісін мойындамай Капитолийге шабуыл жасап, Вашингтонда тәртіпсіздік ұйымдастырған 1600-ға жуық адамды кешіру туралы жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, 20 қаңтар күні Дональд Трамп екінші рет АҚШ президенті атанды. 

Ұқсас материалдар