Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп барлық елге салынатын сауда тарифін өсірді

Трамп барлық елге салынатын сауда тарифін өсірді

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден келетін импорттық тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін енгізілген 10% тарифке қосымша тағы 5% үстеме қосылды.

Бұл шешім АҚШ Жоғарғы соты сауда саясатына қатысты үкім шығарғаннан кейін жарияланды. Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында сот шешімін «антиамерикалық» деп бағалап, жаңа тарифтер АҚШ экономикасын қорғауға бағытталғанын айтты.

Президенттің сөзінше, бұл шаралар Америка нарығын қорғап, саудадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектесуі тиіс. Сонымен қатар әкімшілік алдағы айларда заңды негізделген жаңа тарифтік саясатты әзірлеуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, 20 ақпанда Жоғарғы сот Трамптың импорттық баж салығын енгізу туралы бұрынғы бұйрығын «Төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы» заңға сәйкес емес деп таныған еді. Осыдан кейін алдымен 10% тариф енгізіліп, кейін ол 15%-ға дейін ұлғайтылды.

Ұқсас материалдар