Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп қонақүйінің алдындағы Tesla көлігін кім жарды?

Трамп қонақүйінің алдындағы Tesla көлігін кім жарды?
Лас-Вегаста оқиға Дональд Трампқа тиесілі қонақ үйдің алдында Tesla Cybertruck электрлік пикабы жарылды.

 BBC жазуынша, көлікте жанармай толы ыдыстар мен фейрверктер болған. Көліктің ішінде болған адам қаза тауып, тағы 7 адам оқиға орнында жеңіл жарақат алған.

Электрлік көліктің өндірушісі, миллиардер Илон Маск, X әлеуметтік желісінде жарылыстың себебі көліктің өзінде емес, оның ішіндегі жүгінде болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Tesla басшысы Лас-Вегастағы жарылыстың террористік акт болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Өйткені, бұл оқиғаның Нью-Орлеандағы трагедиямен байланысы бар екенін атап өткен. Екі көлік те Turo сервисі арқылы жалға алынған болып шықты.

Полиция оқиғаның Трампқа немесе оның одақтасы, Tesla иесі Илон Маскқа қарсы әрекет болды ма, жоқ па деген сұрақтың жауабын әлі анықтаған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас материалдар