АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украинада «тез арада атысты тоқтатуды» талап етті.
Ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында ол Мәскеу мен Киевті мәмілеге келуге шақырды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтату үшін келіссөзге ұмтылуда, – деді Парижде Зеленскиймен кездескен Трамп. Осы кездесуді сенбіде Франция президенті Эммануэль Макрон ұйымдастырды.
Әңгіме жарты сағатқа созылды. Зеленский әлеуметтік желіге өздерінің бейбітшілік туралы әңгімелескенін жазды.
Президент Трамппен және президент Макронмен жақсы, нәтижелі кездесу өтті. Президент Трамптың әдеттегідей шешімі нақты. Ол үшін рахмет. Сондай-ақ мен президент Макронға Парижде осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Біз өз халқымыз, ұрыс даласындағы жағдай және Украина үшін әділетті шешім туралы айттық. Бәріміз бұл соғысты мүмкіндігінше тез әрі әділ аяқтағымыз келеді. Осы жұмысты жалғастыруға келістік. Бейбітшілік күш біріктіру арқылы ғана мүмкіндікке ие!, – дейді Украина президенті.
Зеленский Трамппен сөйлескенде Украина үшін «әділ бейбітшілік» пен «қауіпсіздіктің берік кепілдігін» талап еткен. АҚШ-тың сайланған президенті Truth Social желісінде «Зеленский мен Украина мына ессіздікті тоқтату үшін келісім жасар еді» деп жазды.
«Тым көп өмір құрбан болды, тым көп отбасы қырылды, егер бұлай жалғаса берсе, оның салдары әлдеқайда үлкен және одан да жаман нәрсеге әкелуі мүмкін», – деп Трамп Украинадағы соғысты өршітуден сақтандырды.
Ол Мәскеудің Киевпен қақтығысқа байланысты Сирияны бақылауды азайтқанын, сондықтан президент Башар Асадты қорғауға мүдделі емес екенін айтты.